Жаңалықтар

Қазақ баспасөзінің бастауы

Көрме

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» атты тарихи танымдық іс-шара өтті.

Музейге келушілер алдымен қордағы экспонаттардан жасақталған ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі тұрмыстық бұйымдармен танысып, «Қазақ» газетінде еңбек еткен Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Телжан Шонанов, Құдайберген Жұбанов, Мағжан Жұмабаев сынды ұлт зиялылары туралы сахналық қойылымды тамашалады.

— Іс-шараның мақсаты — азаттықтың алғашқы хабаршысы болған «Қазақ» газеті халықтың рухани дамуына тигізген әсері мен ұрпаққа қалдырған мол мұрасын жастарымызға дәріптеп, насихаттау, — дейдіоблыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Нұрсәуле Сансызбай.

Іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстанның құрметті журналисі Идош Асқар, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Ұзақбай Исмағұлов, облыстық архивтің жетекші ғылыми қызметкері Думан Сарбаевтар Алаш зиялылары жайлы әңгімелеп, олардың ғылыми еңбектерін оқуға шақырды.

Музей директоры Мейрам Дүйсенғали іс-шараға қатысқандарға ризашылығын білдіріп, музеймен тығыз байланыс орнатқан білім ордаларының басшыларына Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар ол «Қазақ» газетіне арналған көрме ақпан айының соңына дейін жалғасатынын айтты.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button