Жаңалықтар
Жаңаша әрленген ескі ән

-
- Өнер
Ақтөбеде «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің «Qapezdin Qoshtasuy» атты бейнебаяны тыңдарманға жол тартты. Бұл – Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының алғашқы креативті жобасы.
Бейнебаянның салтанатты таныстырылымына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.
Ақын-сазгер Қапез Байғабылұлының «Qapezdin Qoshtasuy» әнін сазгер Серік Зәкария «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблінің орындауында жаңаша әр беріп, икемдеп ұсынды. Әнді қазақ камералық хор ұжымының солисі Серік Жұбатқан орындады.
Бейнебаянда қазақ халқы тарихындағы зобалаң жылдардың қасіреті бейнеленген.
Өңір басшысы мұндай жаңаша жобаның ілгері басуына, шарықтай беруіне қолдау білдіретінін жеткізді.
А.САТЫБАЛДЫ.



