Жаңалықтар

Алдағы мақсат айқындалды

    • Дін

Дін мәселелері бойынша Ақтөбе қалалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің кездесуі өтті.

Жиын барысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты қоғамда түсіндіру, тұрғындардың толеранттық санасын қалыптастыру, діни радикализм идеологиясының алдын алу бойынша түсінік беріліп, белгілі бір топтар арасында діни және құқықтық салауаттылықты арттыру турасында жасалған жұмыстар барысы баяндалды. Кездесуде ақпараттық түсіндіру тобының әрбір мүшесіне маңызды міндеттер жүктелді.

Ақпараттық түсіндіру тобының құрамында қоғам өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, теолог, дінтанушы, психолог мамандар, тарихшылар мен әлеуметтанушылардан құралған 39 адам бар.

Жастардың көп уақыты әлеуметтік желілерді бақылаумен өтетінін айтқан топ мүшелері діни сауаттылықты арттыру мақсатында бейнематериалдар әзірлеп тарату керек деген ұсыныстарын ортаға салды.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің пікірін Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдос Отыншин тыңдай келіп:

— Алдағы уақытта мешіт жамағаттары мен жастар арасында өтетін кездесулер, дөңгелек үстел және тағы басқа іс-шараларды мүмкіндігінше көбірек өткізіп, оған ел алдында беделді, сөзі өтетін тұлғалар шақырылуы керек. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын тұрғындар арасында кеңінен жүргізсек, олардың діни сауатының артуына ықпал етіп, теріс діни ағымдардың алдын аламыз, — деді.

Жиын соңында ол алдағы уақытта қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Дін мәселелері және
қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың мамандарымен бірлесіп шешуге болатынын атап өтті.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button