БілімБасты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Еуропа экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінінің жұмысымен танысты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Еуропа экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің қызметімен танысты.

Колледж IT-технологиялар, сондай-ақ қызмет көрсету және бизнес саласының мамандарын дайындайды. Қазіргі уақытта мұнда оқитын 530-дан астам студенттің 340-тан астамы – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.

Колледж құрылтайшысы Талғат Төремұратовтің сөзінше, бүгінгі таңда әлемнің 50-ден астам оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылған, соның арқасында академиялық ұтқырлық дамуда.

Ынтымақтастық туралы келісімдер өндірістік компаниялармен де жасалған, бұл студенттерді оқу кезінде жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 100-ден астам студент мамандық бойынша оқи отырып, жұмыс істейді. Колледж ғимаратының екінші қабатында орналасқан коворкинг орталығы IT-стартаперлердің басын қосатын орынға айналды. Олардың жобалары білім алушылардың кәсіби дағдылары мен білімдерін жетілдіруге септігін тигізіп келеді.

Облыс әкімі аудиторияларды, коворкинг-орталықты аралап, студенттермен, оның ішінде жақын шетелден келген білім алушылармен әңгімелесті. Ералы Тоғжанов оларға оқуда табыс тілеп, оқу орнының басшылығын колледж бен студенттердің әлеуетін пайдалана отырып, өңірді цифрлық трансформациялау ісіне атсалысуға шақырды.

А.Мәлікқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button