Жаңалықтар

АMANAT партиясы халықтың ұсыныс-тілектерін қабылдауда

Қазіргі таңда AMANAT партиясы сайлауалды бағдарламасын әзірлеп жатыр. Негізгі құжатты жасақтауда халықтың ұсыныстары мен пікірлері ескеріледі. Сайлауға байланысты партия филиалдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысын уақытша тоқтатқанымен, тұрғындардың ұсыныс-тілектері қабылдануда.

Партияның Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне облыс бойынша 97 ұсыныс-тілек келіп түсті. Оның басым бөлігі зейнеткерлік жасын төмендету, әлеуметтік салаларға көңіл бөлу және жастарды тұрғын үймен қамтуға байланысты. 20 қаңтардан басталған кездесулер барлық аудан және қалада жүзеге асып, 17 наурызға дейін жалғасады.
Партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бергенде істің жай-жапсары туралы айтып берді.
«Бұл жұмысқа Мәжілістің экс-депутаттары, партия жанынан құрылған кеңестердің мүшелері, білікті саясаттанушылар, экономистер тартылды. Ал сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады. Партияның Жарғысына сәйкес, бағдарламалық құжаттарды қабылдау Съездің құзырында. Жер-жердегі партияластардың талқылауынан және сарапшылардың талдауынан өткен сайлауалды бағдарлама алдағы Съезде қабылданады», – деді Елнұр Бейсенбаев.
Атап өтейік, республика бойынша AMANAT партиясының Ақтөбе облысы бойынша 14 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс атқарады. Сұрақтар болған жағдайда, партияның 8-800-080-44-41 жедел байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button