Жаңалықтар

Әріптеске көмек көрсетілді

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке зәру жандардың қамқоршысы болып, сауабы мол іске атсалысу — әр адамның азаматтық парызы.

2022 жылдың қазан айында әріптесіміз Г.Тасанованың бау-бақша аумағынан салынған жеке үйі отқа оранған еді. Осы жағдайға байланысты Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы қолдан келгенше қаржылай көмек жасады. Сондай-ақ мектеп әкімшілігі Ақтөбе қалалық білім бөліміне және кәсіподақ ұйымына да көмек көрсету туралы ұсыныс жолдады. Бұл өтініш  аяқсыз қалмай, Ақтөбе қалалық  мектепке дейінгі қосымша білім беру  және барлық білім беру мекемелерінің басшысы М.Қосымбаева, қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Оралбаева бастаған әріптестер атсалысты. Нәтижесінде өңірдегі білім саласының қызметкерлері барлығы 5 млн теңге жинап беріп, әріптесімізге табыстады.

Халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы мол болғай.

Ұлболсын ОРАЗЫМБЕТОВА,

Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектептің

кәсіподақ төрағасы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button