Жаңалықтар

Amanat партиясы: мәслихаттардың бұрынғы депутаттары есеп берді

Ақтөбе облысында Аmanat партиясының 183 бастауыш партия ұйымының жиындары өтті. Онда партия филиалдарының қалалық және аудандық конференцияларына қатысатын делегаттар сайланды.

Мәселен, Қобда аудандық мәслихатының бұрынғы депутаттары «Бұлақ» пен «Орталық кітапхана» бастауыш партия ұйымдары мүшелерімен кездесті. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын орындау аясында былтыр аудан орталығында 700-ден астам жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101,1 пайызға өсті. Жарсай, Жаңаталап, Терісаққан ауылдарына сумен қамту жүйесі жүргізілді. Бесқұдық, Бегалы, Ақырап, Қызылжар ауылдарының жолдары жөнделді.
— Депутаттық қызметіміздің екі жылында көп жұмыс істелді. Халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың мәселесін шешуге ерекше назар аударылды, — дейді бұрынғы депутат Қансұлу Жұмағұлова.
Ал Берік Орынбасаров instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, өзінің жұмысын қорытындылады.
— Жеке қабылдауымда 60-тан астам адам болып, жартысынан көбінің мәселесі бойынша оң шешім шығарылды, әлеуметтік көмек көрсетілді, — дейді ол.
Қобда аудандық орталық кітапхана бастауыш партия ұйымының да жиыны өтіп, аудандық мәслихаттың бұрынғы депутаты Жанболат Ерғалиев партиялықтармен кездесті. Депутат бастауыш партия мүшелеріне Аmanat партиясының сайлауалды уәделері ауданда қалай іске асырылып жатқаны туралы айтып берді.
Қазіргі таңда партия филиалдарының қалалық және аудандық конференциялары өтіп жатыр.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button