Жаңалықтар

Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті

28 қаңтарда сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.

Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен кәмелетке толмаған бес бала, оның ішінде бір жасар бала медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

Polisia.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button