Жаңалықтар

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе филиалының жаңа директоры тағайындалды

2023 жылдың 26 қаңтарында Мемлекеттік корпорацияның Басқарма аппаратының басшысы Қуандық Қуатов Ақтөбе өңірінде орналасқан филиалға келіп, жаңа тағайындалған директор Жәнібек Қамбаровты ұжымға таныстырды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметін атқарған.
Қамбаров Жәнібек Бекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» және Көкшетау экономика және менеджмент институты «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы заңгер-кеңесші болып бастаған. Әр жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК құқықтарды тіркеу бөлімінің маманы, «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК «Ақпараттық қызмет көрсету және келісім-шарттарды жасау» бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің кеңесшісі, М.Жұмабаев ауданы, Писарев елді мекенінде ауыл әкімі қызметін атқарған. 2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылдың мамыр айынан бастап Мемлекеттік корпорацияның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып жұмыс істеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button