Жаңалықтар

Дәрігерлерге автокөлік сыйлады

Облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының автопаркі екі жаңа автокөлікпен толықты. Бұл — емдеу мекемесіне демеушілер тарапынан берілген сый.

Тартуды «Банк ЦентрКредит» АҚ Ақтөбедегі филиалының басшылығы салтанатты түрде табыс етті. Көліктер медицина мамандарын тасымалдау және ауруханаға дейінгі кезеңде пациенттердің денсаулық жағдайының мониторингі үшін пайдаланылмақ.
Автокөлік кілттерін тапсыру рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров, «Сенім» медицина қызметкерлері кәсіподағы өңірдегі өкілдігінің төрағасы Қайрат Сабыр, аталған банктің Ақтөбе филиалының директоры Гүлнар Шерниязова және орталық қызметкерлері қатысты.

— Фтизиопульмонология орталығына мұндай көліктер ауадай қажет. Бұл ең бірінші кезекте ауыл тұрғындарына медициналық көмекті жақындату, яғни шалғай аудандарда пациенттердің жағдайын бақылайтын мамандардың мобильді топтарын жедел және жедел тасымалдау үшін керек, — деген Б.Ізбазаров банк өкілдеріне сыйлық үшін алғысын білдіріп, бұл аурухана үшін маңызды және уақтылы көмек екенін атап өтті.

Өз кезегінде орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов те алғысын білдірді.
— Туберкулез әлеуметтік маңызды және аса қауіпті жұқпалы ауру болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлем тұрғындарының үштен бірі туберкулезбен ауырады. Науқастарға сауатты ұйымдастырылған жан-жақты көмек бұл инфекцияны жеңуге көмектеседі. Біз банкке сыйлық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз, — деді Орталық басшысы Ерлан Тәтімов.
Айта кетейік, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы 1947 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда 450-ден астам қызметкер бар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button