Жаңалықтар

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков 50-ге жуық компанияның басшыларымен кездесіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қала тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында ірі бөлшек сауда кәсіпорындары, азық-түлік сауда базарлары, жергілікті тауар өндірушілері және шаруа қожалықтары өзара келісімге келді.Меморандум шеңберінде сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізгі бағасына 5 пайыздан аспайтын үстемеақы қосумен шектелетін болды.

Қала тұрғындарын азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етіп отырмыз. Өзге өңірлерден тек қант, тұз, күріш өнімдерін алдыртамыз.Жиынға келген барша компания басшыларына алғысымды білдіремін, — деді қала әкімі.

Жергілікті тауар өндірушілер алдымен қаланың ішкі нарығын өз өнімдерімен қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ тіркелген сауда үстемесін қолдану жөніндегі міндеттемелер қабылдады.Ал азық-түлік сауда базарлары орындарын жалға беру кезінде облыстың тауарөндірушілеріне басымдық береді. Әрі жалға алушылар үшін өз қызметтерін негізсіз өсіруіне жол бермейтін болады.

Статистика департаментінің мониторингі бойынша қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы республикалық деңгейден төмен.

Өткен жылы азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша біршама жұмыс атқарылды. Бағаны негізсіз өсіретін сауда нысандарын анықтау үшін 10 жұмыс тобы құрылған еді.Қазіргі уақытта да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және тұрақтандыру мақсатында қала әкімдігібақылау жұмыстарын жалғастырып жатыр,— дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Көкеев.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button