Жаңалықтар

Отбасы құндылығын сақтау — мемлекет дамуының кепілі

Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова төрағалық еткен жиынға ұлттық комиссияның экономикалық даму және еңбек қатынастары секторының меңгерушісі, «Еңбек қатынастары академиясының» бас директоры Бибігүл Нұрашаева, ұлттық комиссияның экономикалық даму және еңбек қатынастары, әлеуметтік-демографиялық секторларының мүшесі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова қатысты.
— Комиссия жұмысын зерделеу мақсатында Ақтөбеге іссапармен келдім. Бұған дейін Маңғыстау өңірінде болып, ондағы комиссияның тыныс-тірлігімен танысқан едік. Басты мақсат — еңбек қатыстарына байланысты мәселелерді шешуге құқықтық кеңес, әдістемелік қолдау көрсету, — деді Бибігүл Нұрашева.
Өңірде облыс, қала, аудан әкімдері жанында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жұмыс жасайды. Оның құрамында бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар басшылары мен мәслихат депутаттары, аналар, әкелер кеңестерінің мүшелері бар. Облыстық комиссия бес бағытта — гендерлік саясат және әлеуметтік-демографиялық даму, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және еңбек қатынастары, отбасы және отбасылық құндылықтар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алдын алу, мәдени-адамгершілік даму секторлары бойынша жұмыс жасайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесінің жұмысын үйлестіруші Рауза Сергалинаның айтуынша, облыс бойынша 175 аналар кеңесі бар. Кеңес жанында орталықтар, клубтар, үйірмелер, атап айтқанда, «Шолпы», «Аялы алақан», «Іскер әйелдер клубы», «Әжелер клубы», «Жас аналар клубы», «Шапағат», «Шаңырақ» жұмыс жасайды.
Шара барысында ауылдағы әйелдердің жағдайын жақсарту, қоғамдық тамақтану орындарындағы маман тапшылығы секілді мәселелер көтерілді.
Жиын соңында сөз алған ұлттық комиссияның экономикалық даму және еңбек қатынастары секторының меңгерушісі Бибігүл Нұрашаева гендерлік саясатты жүзеге асыруда еліміз біраз жетістікке қол жеткізгенін айтып, облыстық комиссияның жұмысына оң баға берді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button