Жаңалықтар

277 әкімшілік айыппұл салынды

Өңірдің 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары және министрліктің жол картасына сәйкес атмосфераға ластаушы заттардың эмиссияларын қысқарту, көгалдандыру, су ресурстарын реттеу және экологиялық мәдениетті арттыру шаралары қарастырылған. Бірақ жылма-жыл өндіріс көлемінің өсуімен Ақтөбенің негізгі экологиялық проблемалары қатарында ауаға шығарылатын зиянды заттар, елді мекендердің сарқынды суларын тазарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату, т.б. болып қала береді. Бұл жөніндеоблыстық экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Тұрар Қожанов айтты.

— 2022 жылы облыс бойынша экология департаменті 110 тексеру жүргізіп, 599 заңбұзушылық анықтады.

Тексеру нәтижелері бойынша өткен жылы барлығы 1,7 миллиард теңгеге 277 әкімшілік айыппұл салынды, — деді Тұрар Қожанов.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі Жол картасы 2020 жылдың қазан айында әзірленгені айтылды. Онда 6 бағыт бойынша 33 іс-шара қарастырылған: атмосфералық ауа, қалдықтар, көгалдандыру, су, жер ресурстары және экологиялық мәдениетті арттыру. Сол 33 шараның алтауы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне,үшеуі кәсіпорындарға, қалғаны облыс әкімдігіне жүктелген екен. «Жол картасындағы іс-шаралардың орындалуына  жүргізілген  талдау жоспарланған 33 іс-шараның  бүгінгі таңда 94 пайыз, яғни 31-і орындалған», — деді ол. Сонымен бірге қоғам белсенділері мен жұртшылықтың сын-пікірлерін ескере отырып, қосымша Жол картасы әзірленіп, бекітілгені айтылды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button