Жоба және мүмкіндік

Ақтөбелік 17 келіншек жасанды кірпік жасаудың қыр-сырын үйренді.
«Табысты отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылған шара «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында өтті.
Жоба мақсаты — әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету, олардың өз кәсібін дамытуына мүмкіндік жасау.
— «Сұлулық индустриясы» бағытында 17 адамға жасанды кірпік жасауды үйретіп жатырмын. Олар бұл кәсіп түрін бір күнде меңгереді. Қатысушыларға қолдау көрсету үшін әлеуметтік желі арқылы бейнесабақтар жіберіп, бағыт-бағдар беремін, — дейді Астана қаласынан келген шебер Дана Дәуренқызы.
Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржылық қолдауыменбылтыр желтоқсан айында еліміздің бес облысында «Табысты отбасы» пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Соның бірі — Ақтөбе. Жоба аясында әйелдерге үйде отырып-ақ табыс табуға мүмкіндік беретін кәсіп түрлері үйретіледі.
Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.