Жаңалықтар

Сауапқа кенелді, спортпен айналысты

Ақтөбе қаласында жастар арасында волейболдан турнир өтті. Қайырымдылық негізінде ұйымдастырылған спорттық шараға әртүрлі мемлекеттік мекеме, компаниялардан тұратын 17 команда қатысты.

Ақшалай жарна төлеп, волейбол ойнаған жігіттер мен қыздар салауатты өмір салтын да қолдап, жиналған қаржыға Ақтөбе қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін демалыс орталығына апарды.

Сайысқа қатысқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының маманы Марат Жиеналы:

— Волейбол — денені шынықтыратын, ептілікке, жылдамдыққа үйрететін командалық ойын. Мекемемізде арнайы құрылған волейбол командасы бар, осындай жарыстарға қатысып тұрамыз. Әрі бүгінгі ойынымызбен балаларға қуаныш сыйлағанымызға ризамыз, — деп ризашылығын білдірді.

Жарыс нәтижиесінде I орынды — «Достық» , II орынды — «Әлтайыр», III орынды «Досжан» командалары иеленіп, Алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған шара Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Раяйан» еріктілер тобының ұйымдастыруымен өтті.  Топ жетекшісі Арай Бержанованың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Айәли АЙБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button