Жаңалықтар

Қоғамға әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайтын саясаткерлер қажет – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өтіп жатқан Парламент Сенатының отырысында саясаткерлердің ел алдындағы басты міндеттерін айқындады, деп хабарлайды  Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кез-келген саяси мүддеге қарағанда мемлекетшілдік қасиет әлдеқайда биік тұруға тиіс. Қоғамға, ең алдымен, әрбір сөзіне және ісіне жауапкершілікпен қарайтын саясаткерлер қажет. Сонда азаматтардың елдік саясатқа деген сенімі артады. Ал, сенім – бұл аса маңызды құндылық», деп атап өтті Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біздің елімізге заң үстемдігі және азаматтық тәртіп аса қажет.

«Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп айтқан. Заңды сыйлайтын елдің қашанда ұпайы түгел. Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық ең асыл құндылық екеніне бәріміз көз жеткіздік. Тыныштық болмаса, басқа табыстың бәрі бір сәтте құрдымға кететінін көрдік. Біз ел бірлігінің арқасында барлық қиындықты жеңіп келеміз. Сондықтан барды бағалап, ырысты ынтымағымызды қорғау – бәрімізге ортақ қасиетті борыш», деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Президент Қазақстан саясаткерлерінің басты мақсатын атады.

«Мақсатымыз – Қазақстанды тұғыры берік, экономикасы қуатты, рухы асқақ, бірлігі бекем мемлекет ретінде ұрпаққа табыстау. Осы тарихи міндетті бәріміз бірге абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін», деп түйіндеді Президент.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button