Жаңалықтар

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының кәсіпорындары таныстырылды

 Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

Қонақтар жоғары оқу орнының жұмысымен танысып, мұражай мен кітапхананы аралады.

Бүгінде еліміздің батыс өңіріндегі жалғыз медициналық университетте 5,3 мыңнан астам студент оқиды, профессорлық-оқытушылық құрамы 480 адамды құрайды. БҚМУ іргетасы қаланғаннан бері 30 мыңнан астам дәрігер дайындалды.

«Біздің медициналық орталық үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізуде және осы салада Сіздердің жоғары оқу орындарыңызбен ынтымақтастыққа мүдделіміз. Өйткені оқу орнының ғылыми әлеуеті жоғары. Біз үшін медициналық университеттің түлектері – ерекше бренд. Бұл білім ордасынан расымен мықты дәрігерлер шығады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы – бұл үлкен құрылым. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инновацияларды, жаңа технологияларды, оның ішінде білім беру технологияларын іздеуде және енгізуде өңірлерге көмек көрсету. Біз үшін Марат Оспанов атындағы университетімен өзара іс-қимыл өте маңызды, өйткені денсаулық сақтаудың қалыпты жүйесі сапалы білім беру жүйесінсіз жұмыс істей алмайды», – деп атап өтті Алексей Цой кездесу барысында.

Бұдан соң, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы өңірдің медициналық жұртшылығымен кездесті.

ҚР ПІБ МО кәсіпорындарының тұсаукесері барысында 90 жылдан астам уақыт ішінде Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің флагманы болғандығы атап өтілді.

Оның құрамында республиканың жетекші клиникалары – Іс басқармасының Медициналық орталығының Астанадағы бірегей ядролық медицина орталығы және Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық практикалары бар «Қарлығаш» балабақшалар желісі бар.

6 мыңға жуық жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін ұйымдарда Joint Commission International, ISO, GPP, IIac-mra стандарттары енгізілген, бұл – халықаралық құзыреттіліктің дәлелі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, жетекші әлемдік серіктестермен ынтымақтастық – Медициналық орталықты ең озық технологияларды енгізуге болатын Үздік тәжірибелер орталығы немесе Апробация орталығы ретінде танытуға мүмкіндік берді. Біз білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асырамыз, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргіземіз, инновациялық әдістерді іздестіру және тәжірибеге енгізу, сондай-ақ республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына технологиялар қолдану, бейімдеуді белсенді жүргізіп жатырмыз. Соңғы үш жылда клиникалардың мамандары 150-ден астам жаңа технологияларды енгізіп, оны Қазақстан тәжірибесінде алғаш рет қолданды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button