Жаңалықтар

Сағашиліде наубайхана  ашылды

Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер саны артып келеді. Солардың біріСағашилі ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Гүлфара Қонысбай.

Былтыр кәсіпкер наубайхана ашу мақсатында «Бизнестің жол картасы— 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, өз жобасын қорғап, 4 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болып биыл наубайхана ашты. Қазіргі таңда тәулігіне 70-90 бөлке нан пісіріп,Сағашилі ауылындағы дүкендерге өткізеді.

— Кәсіп бастауға кедергі жоқ, керісінше, мемлекет тарапынан қолдау көп. Ниет етіп, талаптансаң, бәрінің ыңғайы келе береді екен. Жақында аудан әкімі «Интергаз Орталық Азия» кәсіпорнының облыстық филиалымен келісіп, наубайханамызға газ қосуға көмектесті. Сондай-ақ арзандатылған бағамен ұн алып берді. Осының бәрі — кәсіпті жаңа бастап жатқан бізге үлкен демеу. Қолдау білдірген әр азаматқа отбасымның атынан алғыс айтамын, — дейді Гүлфара Қонысбай.

Наубайханашы енді Еңбек ауылдық округіндегі дүкендерді нан өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Жандос АЙТЖАНОВ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button