Жаңалықтар

Айнұрдың өнімдері

«Бастау-Бизнес» жоба­сының басталғанына бір­неше жыл болды. Бағдар­ламаның игілігін көріп, кә­­сіп ашқандар арасында Мәртөк ауданы Саржансай ауылының тұрғыны Айнұр Шүленбаева да бар.

Ол мемлекеттен 1 млн 225 мың 200 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, кәсібін жандандырып отыр.

Өткен жылдың қыркүйек айында қайтарымсыз грант алып, «Ai nury» атауымен өз өнімдерімді шығарып бастадым. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмекке ризамын. Осы уақытта тағамдарды үйден жасап, тапсырыс қабылдап жатырмын. Болашақта цех ашып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз еткім келеді, — дейді Айнұр Шүленбаева.

Қазір Айнұрдың өнімдері халық арасында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде кәсіпкердің өнім ассортиментіне мыналар кіреді: тұшпара, манты, жайма, самса және тағы басқалары.

Ауылда кәсіп ашқысы келетін азаматтар үшін ешқандай шектеу жоқ. Өткен жылы Мәртөк ауданында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 51 адам қайтарымсыз грант алып, оған 62 млн теңге қаржы бөлінген.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button