Жаңалықтар

Ақтөбе облысының жастар ресурстық орталықтарының үздік қызметкерлері марапатталды

Бүгін облыс әкімдігінде Ақтөбе қаласы және 12 ауданның жастар ресурстық орталығының 2022 жылғы жұмысы қорытындыланды. Ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл жастарына жағдай жасау және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер облыс басшылығының бақылауында. Өңірде осы бағытта тиімді шаралар қабылданған.

Мәселен, қысқа мерзімде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың жастар өкілдерімен кездесуі барысында жеңілдетілген тұрғын үй алу туралы мәселе шешілді. Бағдарламаға қатысқандардың ішінен 40 үміткердің өтінімдері іріктеліп алынды.

«Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының, оның ішінде өңірдегі жастардың табысын арттыруға арналған басты жоба. Ол Мемлекет басшысының ауылды дамыту туралы бірінші Жарлығы аясында жүзеге асырылуда. Бұл ауқымды жұмыстың бастамасы ғана»,- деді Ержан Байтанаев аудан әкімдерінің орынбасарларына жобаға жастардың барынша қатысуын қамтамасыз етуді тапсыра отырып.

Отырыс барысында қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары жұмысының қорытындылары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшыларына NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру, қоғамдық ортаға тарту, жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікпен және жұмыспен қамтуды қолдау бағдарламаларына тарту, ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында волонтерлік қызметке тарту және т. б. жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Кеңес соңында өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан жастар ресурстық орталықтарының үздік қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button