Жаңалықтар

Жастарға қабылдау өткізді

«Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мега Шығыс» сауда орталығында «Жастарға кеңес» консалтинг орталығының қабылдауы өтті.
Қабылдауға Ақтөбе қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының, облыстық ішкі саясат басқармасының, «Отбасы банк» АҚ-ның, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының арнайы мамандары 18-35 жас аралығындағы жастарды қабылдап, 100-ге жуық азаматқа тегін кеңес берді.

Қабылдауға келген жастардың дені баспана мәселесіне қатысты «Отбасы банк» АҚ-ның және кәсіп ашу бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының мамандарының кеңесіне жүгінді.
-«Жастар Рухы» жастар қанатының бұл жобасы бұған дейін «Кеңес орталығы» деп аталып келген болатын. Биыл жобаның атауы мен бағыт-бағдары өзгертіліп, жаңаша тұрғыда іске қосылды. Жобаның мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін анықтай отырып, оларға консультативтік кеңес беру. Жобаның аясында алдағы уақытта ауыл жастары да қамтылатын болады. Ол үшін жылжымалы қоғамдық қабылдау пункттері ауылдарға жолға шығады. Бұған жастарды толғандырған түрлі мәселелерге қатысты арнайы саланың мамандары тартылатын болады, – дейді «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филианың төрағасы Ануар Искарин.
«Жастарға кеңес» консалтинг орталығының кезекті жылжымалы қоғамдық қабылдауы Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылында өтеді деп жоспарлануда.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button