Жаңалықтар

Комиссиялар жаңа мүшелермен толықты 

Мәслихат

Дүйсенбі күні облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Онда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының  және  бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелері сайланды.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Амангелді Нұғмановтың басшылығымен өткен кезектен тыс он екінші сессияның жалпы отырысында депутаттардың ашық дауыс беруі арқылы сайлау комиссияларының мүшелері сайланды.

Күн тәртібіне сәйкес, әуелі облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды. Бұған өз кандидатураларынсаяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды. Ашық дауыс беру нәтижесінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына 4 жаңа мүше сайланды. Олар — Асылжан Бүркітәлин, Әлтайыр Әліпов, Жанна Тоғызбаева және Іңкәр Мәтебаева. Олардың әрқайсысына ақпараттық қамтамасыз ету, IT-қолдау, құқықтық көмек, т.б. бойынша міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға дауыс берді. Ашық дауыс беру арқылы 17 округтік сайлау комиссиясына 5 мүшеден сайланды.

— Мәслихаттың атынан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңадан сайланған мүшелерін құттықтаймын. Баршаңызға қызметте табыс тілеймін, — дедіАмангелді Нұғманов.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button