Жаңалықтар

Қызмет көрсету орталығы ашылды

Бауыржан Өгізбаев — ойға алған ісін жүзеге асырғанша тыным таппайтын жас кәсіпкер. Былтыр ол Ойылдағы Амангелді көшесінде төрт қабырғасы қалқиып тұрған «сақалды» құрылысты қалыпқа келтіріп, жыл аяғында көлікке қызмет көрсету орталығын ашты.

Қуанышын дос-жарандарымен бөліскен Бауыржан жуырда осы орталықтың салтанатты ашылуын өткізді. Көлікке қызмет көрсету орталығының лентасын қиған аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілесе, бауырының қуанышына арнайы келген әпкесі Ботагөз шашуын шашып, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ шарада кәсіпкер қонақтарға дастарқан жайып, дәм ұсынды.

Бауыржанның көлікке қызмет көрсету орталығы екі бөліктен тұрады. Ғимараттың бір бөлігінде жылдың кез келген мезгілінде көлігіңді жөндеп, майын ауыстырсаң, екіншісінде машинаңды жуып аласың. Қызмет ақысы арнайы терминал арқылы қабылданады. Яғни төлеген ақшаңа сай өзің жуып аласың. Ойылда көлік жуу орталықтары жетерлік, дегенмен бұл орталықтың артықшылығы үлкен көліктерге қызмет көрсетеді.

 С.ХАМЗИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button