Жаңалықтар

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы отбасы табысы 192%-ға артады

«Ауыл аманаты» жобасы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» бірінші Жарлығының аясында Ақтөбе облысында іске асырылып жатқан басты және ауқымды жобалардың бірі.
Айта кетейік, Ақтөбе өңірі Қазақстанда алғаш болып маңызды жобаны жүзеге асыруға кірісті. Оған облыстың 24 ауылдық округінің 43 мыңға жуық тұрғыны қатысады.
Құс шаруашылығы бойынша 2182 жоба, өсімдік шаруашылығында – 342, шағын бизнес саласы – 224, кооперативтерді жарақтандыру бойынша – 24 жоба қолға алынады. Қаржыландыру 3 млрд теңгені құрайды.
Жоба тек ақшалай несие ғана емес, тауарлық несие берумен де ерекше. Атап айтқанда, 27 ірі шаруа қожалығы ауыл тұрғындарына 6 мың бас мал беруді жоспарлап отыр. Ауыл тұрғындары тауарлық несие бойынша алған малын төлмен қайтаруы тиіс. Бүгінгі таңда 38 жеке қосалқы шаруашылыққа 577 бас мал берілді.
Жобаны ауылдарда жүзеге асыру нәтижесінде жұмыссыздар саны 41,4%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 49,3%-ға азаяды. Отбасының орташа табысы 192%-ға артады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button