Жаңалықтар

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының «Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы туралы» Жарлығы іске асырыла бастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа мерзімдегі алғашқы Жарлығы ауылдарды дамыту жөнінде болды. Ақтөбе облысы Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындауға алғашқылардың бірі болып кірісті.
Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен жиын барысында ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты өңірде қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Атап айтқанда, әрбір ауылдың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында скрининг жүргізіліп, барлық 134 ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленді.
Облыста ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін 2022 жылы «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылды, оған 3 млрд. теңге қаржы бөлінген болатын. Бағдарламаның бірінші кезеңінде 24 ауылдық округ 2 772 жобаны қолға алды. Ал биылғы жылы қосымша 3,5 млрд теңге бөлінді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде жұмыссыздар саны 41,4%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 49,3%-ға азайып, отбасының орташа табысы 192%-ға артады деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button