Жаңалықтар

Өтініш беру мерзімі ұзартылды

Депозит

Қазақстанда теңгедегі депозиттер бойынша 10% мөлшерінде өтемақы төлеуге өтініш беру мерзімі ұзартылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жеке тұлғалардың ұлттық валютада орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын бекітетін Қаулыға қол қойды.
Ресми құжатқа сәйкес салымшылар банктерге 10 ақпанға дейін өтініш бере алады. Осылайша бұған дейін өтініш беріп үлгермеген депозиторлар өтемақы алу бойынша келісімін растай алады.
Теңгедегі депозиттерге өтемақы алуға өтініш беру осы жылдың 1 қаңтарында аяқталған болатын. Қор мәліметтері бойынша, банктер былтыр жыл аяғына дейін 284 млрд теңгеге өтінім қабылдаған.
Өтемақы төлемдері 23 ақпаннан кейін басталады. Сондай-ақ 10% өтемақы алынуы мүмкін ең жоғары сома — 20 миллион теңге.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button