Жаңалықтар

27 адам құтқарылды

Жыл басталғалыберіапаттық-құтқару жұмысы кезінде 22 адам, іздеу жұмыстары барысында 5 адам құтқарылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткенбрифингте айтылды.

Шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментібастығының орынбасары Саид Молдақараев,аталған департаменттің дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі Ануар Ахметалин, «ҚазАвтоЖолҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл қатысты.

Жыл басынан бері 9 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде, 22 адам (4 бала) құтқарылды, 146 адам (2 бала) эвакуацияланды. Сондай-ақ 9 техника қар құрсауынан шығарылды.

Қазір республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау мақсатында 39 кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Жұмылдырылған техника саны — 302 көлік.

Біздің облыстың аумағында үш трассалық медициналық-құтқару пункті бар. ОларҚарабұтақ, Қалыбай ауылдарында және Қандыағаш қаласында орналасқан.

Барлық ауданда біздің департаменттің апаттық-құтқару, жол талғамайтын техникалары сақадай сай тұр, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Облыстағы автокөлік жолдарында қар басатын 204 учаске бар.Республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсету үшін 114 жылыту пункті дайындалған.

Апаттық-құтқару жұмыстарымен қатар іздеу жұмыстары да жүргізілуде. Жаңа жыл басталғаннан бері 5 іздеу жұмысы жүргізіліп, 5 адам құтқарылды.

Біздің өңірдің тұрғындары, жалпы жолаушылардың дені ауа райының қолайсыздығына байланысты таратылған хабарламаларға мән бермейді. Қаңтардың 7-сі күні Ойыл ауданында мал іздеуге кетіп, хабарсыз қалған 3 ер адам құтқарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Олар мінген көлік Ойыл өзеніне батып кеткен, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі Ануар Ахметалин.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы — 1869 шақырым.

Қар тазалайтын техниканың жетіспеуіне байланысты мәселені техникаларды жалға алу арқылы шештік, — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айбол Данағұл.

Желтоқсан-қаңтар айларында республикалық маңызы бар автожолдарға 29 рет шектеу қойылған.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button