Жаңалықтар

Көңіл көңілден шай ішті

Астана ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен еріктілер бірігіп «Игі істер» акциясын ұйымдастырды. Олар санитарлық тазалық және қар тазалау жұмыстарында жүрген коммуналдық қызмет саласының жұмысшыларына ыстық шай мен бауырсақ таратты.

Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов өткізілген іс-шараның мақсатымен таныстырып, алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.

Бұл акцияға қаламыздағы №4 мектеп пен Ш.Берсиев атындағы ауылшаруашылық колледжінің ұстаздары қатысты.

Күннің суығында далада жұмыс жасап жүрген жұмысшыларды қолдап, олардыыстық тамақпен қамтамасыз етейік деп шештік. Біздің жасаған игі істеріміз көпшіліктен қолдау тауып жатса, керемет емес пе? Әрдайым бір-бірімізге көмектесіп жүрген дұрыс— дейді еріктілердің бірі Құмар Мерғалиев.

Бізге қолдау көрсетіп жатқан Астана ауданының әкімдігі мен ерікті азаматтарға алғысым шексіз. «Көңіл көңілден су ішеді» деген осы ғой, ақ ниеттеріне риза болып қалдық, — дейді жұмысшылардың бірі Самат Қалымбаев.

 Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button