Жаңалықтар

Отбасылық кафе ашылды

Жуырда Ырғыз ауылында «The Family» деп аталатын отбасылық кафе ашылды.

Нысанның ашылуына аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов бастаған мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Аталған кафені белгілі кәсіпкер, Ырғыз ауданының құрметті азаматы, марқұм Ибрагим Сәрсенбаевтың отбасы ашып отыр.

Салтанатты шараға жиналғандар Ибрагим Сәрсенбаев туралы естеліктер айтып, әке жолын жалғастырып жүрген балаларының жаңа жобасына сәттілік тілеп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

— Әкеміз көзі тірісінде осы жобаны жүзеге асыруды мақсат еткен болатын. Араға біраз уақыт салып, міне, аудан орталығында кафеміз салтанатты түрде ашылды. Бұл жоба

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны — 120 миллион теңге. Қазір 22 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Ғимарат ішінде 40 балаға арналған ойын алаңы, 80 адамға арналған тамақтану орны, сондай-ақ 25 орындық караоке залы жұмыс істейді. Одан бөлек екі vip-кабина бар. Бұл нысан жастардың басын қосуға, сондай-ақ туған күн, тұсау кесу сияқты отбасылық шаралар өткізуге өте қолайлы, — дейді Марлен Сәрсенбаев.

Бұған дейін Сәрсенбаевтар отбасы аудан орталығында «Наурыз» мейрамханасын, «Наурыз-СИМ» дүкенін, Нұра ауылында «Ырғыз-Нұра» балық өңдеу цехын ашқан болатын.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button