Жаңалықтар

Барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен Ақтөбе қаласындағы жылу беру жүйесінің жұмысына жауапты барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Сондай-ақ тәулік бойы кезекшілік нығайтылды. Бұған соңғы күндері аяздың күшейе түскені себеп болып отыр. Синоптиктердің болжауынша, осы аптада да ауа райы қолайсыз болмақ.

Дегенмен алаңдауға негіз жоқ. Коммуналдық қызметтің үздіксіз берілуі өңір басшысының жіті бақылауында тұр.

Қазір Ақтөбе қаласындағы жылу камераларының біріндегі ақаудың салдарынан қойылған уақытша шектеу де алынды.Айта кету керек, қаңтардың 8-і күні, яғни сенбіден жексенбіге қараған түні сағат 00.00 шамасында облыс орталығындағы Әбілқайыр хан даңғылы, 84-үйдің маңында орналасқан жылу камерасындағы ысырмаклапандары істен шыққан болатын. Жөндеужүргізу жұмыстары шұғылқолға алынып, соған байланысты Әбілқайыр хан даңғылы, М.Оспанов, Т.Алдияров, Ғ.Жұбанова көшелеріндежалпы 20-ға жуық көпқабатты үйгежылу беру уақытша шектелген-ді.

«Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамының мамандары жұмылып, жөндеу жұмыстарын жедел аяқтады. Төрт сағаттың ішінде мәселе толық шешілді. Төтенше жағдай кезінде мекемеде кезекші бригадалар жұмыс істейді, — дейді «Aqtobe su-energy group» АҚқоғаммен байланыс орталығының жетекшісі Динара Жаналина.

Оның айтуынша, сұрақтар мен өтініштер «Aqtobe su-energy group» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметінде тәулік бойы телефондар арқылы қабылданады. Cумен жабдықтауға байланысты 59-52-60; 55-81-69, жылу және ыстық сумен жабдықтауға байланысты 54-19-19, 56-36-87 нөмірлеріне хабарласуға болады. Сондай-ақ сауалдарыңыздыкез келген уақытта инстаграм желісіндегі @aqtobesu парақшасының direct-іне немесе өз учаскеңіздің агентіне жаза аласыз.

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков өзінің фейсбуктегі парақшасында қазір Ақтөбе қаласындағы жылумен, сумен жабдықтау, су бұру нысандарының барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Шаһар басшысы қала тұрғындарына: «Дегенмен сіздердің қолдауларыңыз қажет. Үйлеріңіздің жылу желісін үйді басқарушы компаниямен (ПИК, МИБ, кондоминиум) бірге қадағалап, тексергендеріңіз дұрыс», —  деп жазды.

Синоптиктердің болжауынша, осы апта бойы Ақтөбеде ауа температурасы күндіз —-25, түнде-38 градус болмақ.Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжып жатыр. Осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде аяз күшеймек. Алдағы үш күнде еліміздің шығысында 43 градусқа дейін арктикалық суық сақталады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button