Жаңалықтар

Ақтөбелік әйелдер өз кәсібін ашты

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Орталық бір жылға жуық уақыт ішінде 476 әйелге кеңес беру, оқыту, тәлімгерлік қолдау, әйелдер бизнесінің қазіргі жағдайын бағалау сынды мыңнан астам қызмет көрсетіп үлгерді.

55 әйел кондитерлік, тігін өндірісі және сұлулық қызметтері сияқты бағыттар бойынша бейіндік оқытудан өтті.Ал 300-ден астам әйел әлеуметтік кәсіпкерлік, SMM, кооперация, салық және бухгалтерлік есеп, бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілері бойынша жеке және кәсіби өсу тренингтері мен шеберлік сабақтарына қатысты.

— Орталықтың көмегімен көптеген адам форумдар мен көрмелерге қатысып, соның нәтижесінде өз кәсібі мен қызметтерін дамытуға, клиенттік базаны кеңейтуге және серіктестік байланыс орнатуға жеткізді.Арасынанкәсіпкерлік бастамасы бар он әйел іріктелініп, іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Күлпаршын Айдарханованың тәлімгерлік қолдауынаие болды. Тәлімгерлік жұмыстың ішіне кеңес беруден бастап, бизнесті кеңейту, тәуекел менеджмент және өнімді өткізу нарығы, өнім желісі және бизнес-процестерді жетілдіру мәселесіне дейін кірді, — деп атап өтті өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова.

Кәсіпкер әйелдердің арасындаГүлнұр Баймұқанова бар. Ол нәрестенідұрыс тамақтандыру бойынша сабақ жүргізеді. Тәлімгердің қолдауының арқасында перзентханалармен келісіп, енді бүкіл Қазақстан бойынша әйелдерге онлайн кеңес бере алады.Алдағы уақытта ол өзінің «Релактация» атты авторлық марафонын патенттеуді жоспарлап отыр. Ментормен жұмыс істеп, айналымын 2,5 есеге арттырған. Қазір екі адамды жұмыспен қамтып отырған жайы бар.

Тағы бір кәсіпкер Әсемгүл Қайрақбаева қызмет саласын кеңейтіп жатыр. Ол қазірасхана ашып, 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Енді Әсемгүл екі наубайхана ашқысы келеді.

Ал көпбалалы ана Венера Ардашева орталықтың көмегімен массаж кабинетін ашты. Сондай-ақ олмассаж жасауданоқу курстарын өткізеді.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының арқасында өңірдің көптеген танымал кәсіпкерлерімен таныстым, бірнеше тренингке қатыстым. Әрбір әйел өз ісін жүргізіп үйренгісі келсе, алғашқы қадамды орталықтың шеберлік сабақтарынан бастауға шақырамын.

Өткен жылдың соңында тәлімгер бизнесімді жүргізу үшін жеке бөлмемен қамтамасыз етті, — дейді Венера Ардашева.

Ол қазір мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін бизнес-жобаны дайындап жатқанын айтады. Алдағы уақытта қызметтің тағы бір түрін ашқысы келеді.

Бизнесті жүргізуге және оны дамытуға деген ұмтылысы үшін 10 ақтөбелікорталықтың серіктесі БҰҰ даму бағдарламасы — Лондон бизнес мектебінің құттықтау хаттарымен марапатталды.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылдың наурыз айында облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған еді. Онда барлық қызмет тегін көрсетіледі. Осы жылы орталық жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді де, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді де былтырғыдан көбірек қамтуды жоспарлап отыр.

 Н.АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button