Жаңалықтар

Сауалдар қойылды, ұсыныстар айтылды

Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов Тәуіп ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Басқосуда ауыл тұрғындары жол қатынасы, интернет желісі, ауызсу және т.б мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойды. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тәуіп ауылдық округінде бүгінде 16 шаруашылық құрылымы бар. Оның 14-і шаруа қожалығы болса, екеуі — жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Тәуіп ауылдық округінің әкімі Камал Тілеужановтың айтуынша, биыл округтегі «Сер-Мақ», «Қазбек», «Өмірбақыт» шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. Аталған шаруашылықтардың көмегімен округте 17207,0 тонна мал азығы дайындалған. Сондай-ақ «Агробизнес» бағдарламасы арқылы «Сәбитбек» ЖШС — 50 бас  жылқы, «Ақсақал Тәуіп» ЖШС — 50 бас мүйізді ірі қара сатып алған. Ал «Әли» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 110 бас қой сатып алды.

Биыл облыста жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға Тәуіп ауылдық округінен 35 отбасы өз ұсыныстарын білдірген. Бүгінде 4 адам несие алу үшін құжаттарын тапсырса, қалғандары құжаттарын жинақтап жатыр. Олар 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, мал, өсімдік және құс шаруашылықтарын, сондай-ақ шағын бизнесті дамытуды көздеп отыр.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button