Жаңалықтар
Ақтөбе жолдарын қардан тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Ақтөбе қаласындағы жолдарды қысқы күтіп ұстауға 11 мердігер ұйым жауапты.
Қаланы қардан тазалауға тәулік бойы 126-ға жуық арнайы техника жұмылдырылған.
Күндіз 12 бригада, 14 жүк тиегіш, 38 самосвал, түнде 5 бригада, 7 жүк тиегіш, 25 самосвал жұмыс істейді.
2022 жылдың 15 қазаны мен 2023 жылдың 2 қаңтары аралығында 22 500 текше метр қар шығарылды.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.