Жаңалықтар

«Dala Dauysy» байқауынан қос марапат

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Dala Dauysy» республикалық байқауында жерлесіміз Орал Байсеңгір «Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ осы жобада жерлесіміз, күйші Асылбек Кенегесовтің «Бес періште» күйі де «Авторлық аспаптық шығарма» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

«Dala Dauysy» — дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығармалар мен жаңа өнер туындыларының авторларын қолдауға бағытталған бірегей жоба.

Жерлесіміз Орал Байсеңгір бұл жобаға өзінің «Біздің ауыл тамаша» әнімен қатысқан болатын. «Біздің ауыл тамаша» әнін Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында, Ақтөбе облыстық филармониясының «Достық сазы» фольклорлық ансамблі және осы ұжымның әншілері Нұрлан Әбдібеков пен Динара Шынарбаева орындады. Астана жұртшылығы әнді үлкен қошеметпен қабылдады.

Жерлестестерімізді құттықтай отырып, алда да үлкен табыстар тілейміз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button