Кәсіби мерекемен құттықтады

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Оразбек Далмағамбетов бастаған бір топ депутаттар Ақтөбе қаласындағы«Динар-Электромаш» ЖШС кәсіпорнында болып, ұжым мүшелерін кәсіби мереке —Энергетика күнімен құттықтап, облыстық мәслихат атынан кәсіпорынның үздік қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.
— Энергетика күні — бұл адамдарды тәулік бойы жанқиярлық және адал еңбегімен электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жұмысшылардың мерекесі. Сіздер өркениеттің негізгі игіліктерінің жолын қалап, еңбек вахтасынадал, абыроймен алып жүрсіздер, — деді Оразбек Далмағамбетов.
Облыстық мәслихат депутаты Гүлжанат Ерғазина кәсіпорын басшысы Сергей Вишняктың елдің энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі зор екенін атап өтті.
— Қаланың энергетика саласымен байланысты ірі кәсіпорындардың бірінің басшысы ретінде облыстық мәслихаттың депутаты бола отырып, сіз біздің өңіріміз бен еліміздің игілігі жолындағы жұмысыңызды табысты жалғастырып келесіз, — деп атап өтті ол.
Н.ДӘНЕКЕРОВ.



