Жаңалықтар

Үш жылдық шығыстар бағамдалды

Мәслихат

Облыстық денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары депутаттарға өздерінің үш жылдық шығыстарының жоспарларын ұсынды.

Мемлекеттік мекемелердің басшылары облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы барысында есеп берді. Оған облыстық қоғамдық кеңес мүшелері де қатысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарға 28,7 миллиард теңгеден астам қаражат жоспарланғанын айтты. 2023 жылы 10 миллиард теңгеден астам, 2024 жылы — 9,2 миллиард, 2025 жылы  9,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу көзделген.

Қаржыландыру, басқалармен қатар, 855 медициналық маманға қайта біліктіліктен өтуге, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ ақыл-ой және дене бітімі кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жіберілетін пациенттердің, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдардың республикалық медициналық ұйымдарға көлік шығыстарын өтеу, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және т.б. қарастырылған.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әнуарбек Қонжар басқарманың 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарына ағымдағы 6 бюджеттік бағдарлама бойынша 51,8 миллиард теңгеден астам қаражат көзделуі қажет екенін баяндады.

Бұдан басқа бұл ақшаға медициналық-әлеуметтік мекемелерде, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жәрдемақы төлеу және т.б. қызметтер көрсетілетін болады.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік өтінімінің жалпы сомасы, басқарма басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, 193,1 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржы өңірде бұқаралық спортты табысты дамытуға, денешынықтыру-сауықтыру қозғалысын, спорттық іс-шараларды және т.б. ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Баяндамашыларды тыңдап, ақпаратты талқылағаннан кейін депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы шығарды.

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button