Жаңалықтар

Газсыз қалмаймыз

Брифинг

Ақтөбе облысында сұйылтылған газ тапшылығы жоқ. Бұл туралы Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұртай Сертаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Нұртай Сертаевтың айтуынша, газбен жүретін көліктер саны бойынша өңірге ай сайын 13500 тонна сұйылтылған газ қажет.

Энергетика министрлігі біздің облыста сұйылтылған газ тапшылығын болдырмау мақсатында биылғы қараша айына 12106 тонна көлемінде сұйылтылған газ жеткізу жоспарын бекітті. Жоспар бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ — 4203 тонна, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС — 2154 тонна, «Gas Processing Company» ЖШС — 3581 тонна және зауыт 2168 тонна сұйылтылған газ бөлді.

Бүгінгі таңда жоспарланған сұйылтылған мұнай-газ көлемінің 8800 тоннасы яғни, 60 пайызы жөнелтілді. Жіңішке стансасына 72 мың тонналық 2 цистерна-вагон келді, сондай-ақ Ақтөбе стансасына 216 тоннаға есептелген 6 цистерна-вагон жақын тұр, — деді басқарма басшысының орынбасары.
Енді еліміздің Энергетика министрлігі желтоқсан айына Ақтөбеге 12146 тонна сұйылтылған мұнай газын жеткізу жоспарын бекітіп отыр.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button