Жаңалықтар

«Ақтөбе» газеті — көп жылғы серігім!

Сабыржан МҰХТАРОВ, ұстаз-ғалым.

«Ақтөбе» газеті — менің көп жылғы серігім, сырласым. Үзбей оқимын. Түрлі  тақырыпты қамтитын газет материалдары тұшымды. Газет бетінде өңірдің өзекті мәселелері де тұрақты көтеріліп, шешімін тауып жатады. Бір жылдары Алматы қаласында ғылыми зерттеумен айналысып жүрген кездерімде бірыңғай ғылыми еңбектер оқудан шаршаған сәттерімде ұлттық кітапхананың мерзімді басылымдар залындағы «Ақтөбе» газетін оқып, демалып, сергіп қалатыным да есімде. Туған жердің тыныс-тіршілігі газет арқылы ойымды да, бойымды да жадыратып жіберетін. Облыс жылнамасы болып келе жатқан газеттің күні бүгінге дейін тұрақты оқырманы екендігім де көңілімді демеп, қанағат сезіміне бөлейді. Ел ертеңіне, ұлт болашағына сергек қарайтын әрбір азаматты «Ақтөбе» газетіне жазылуға шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button