Жаңалықтар

Газет — тәрбие құралы

Айбек СЕРІКБАЙҰЛЫ,

Байғанин ауданының тұрғыны

Өңіріміздің ақпарат кеңістігінде облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің алар орны ерекше. Шыға бастағанына бір ғасырға таяп қалған бұл басылым шын мәнінде қалың оқырман қауымның жан серігіне айналды.

«Ақтөбе» газеті шыға бастаған сәттен халық пен билік арасында алтын көпір бола білді. Газеттен еліміздің басты жаңалықтарымен қоса,облыстың,аудандардың, ауылдарымыздың тыныс-тіршілігі туралы материалдарды, елімізде жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар, жобалар туралы оқып-біліп отырамыз. Бүгінде көпшілігі ақпаратты ең алдымен смартфон арқылы түрлі сайттардан оқитыны өтірік емес. Оқымайын десең, интернет парақшаларда, әлеуметтік желілерде оқырман тарту үшін тақырыбын айқайлатып жазып қояды.Ашып оқысаң, манағы тақырыптың иісі де сезілмейді, құр сөз ғана. Сондықтан шынайытексерілген, нақты ақпараттарды газеттен оқыған дұрыс.Қазақтың тарихта аты қалған біртуар тұлғаларының өмір жолын,ғылым, білім саласындағы ұлағатты ұстаздардың еңбектерін, еліміздегі өзекті мәселелерді де газет бетінен оқып тұрамыз. Ондаартық өсек-аяң, салмағы жоқ әңгімелерді таппайсың.

Газет ақпараттық құрал екені белгілі, қазақ баспасөзі  оған қоса тәрбие құралы да болуы керек. Бұрын ақындардың өлеңдері, жазушылардың әңгімелері газеттің сәні мен мәнінкелтіріп тұратын. Қазіргі газеттер тым саясиланып кеткен сияқты. Алдағы уақытта газет беттеріне жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын жиі жариялап тұрса деген тілегім бар.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button