Жаңалықтар

Барлық сала дамиды

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері өз кандидатының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында «Айс» ЖШС ұжымымен кездесті.

«Айс» ЖШС сүт фермасы сүт өнімдерін өндіреді. Қазір мұнда 125 адам жұмыс істейді. Мал басының жалпы саны үш мыңнан асады. Кәсіпорын өз есебінен сүт құю цехын ашып, өндіріс қуатын ауысымына 50 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ алдағы уақытта мұнда қосымша 20 жұмыс орны ашылады.

Облыстық қоғамдық штабтың өкілі Еламан Итеғұлов,Ақтөбе қалалық қоғамдық штабтың өкілдері Талғат Хамитов пен Дмитрий Довматенко Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен түрлі салаларды дамытудың келешегіне тоқталды. Сондай-ақ олароблыстағы денсаулық сақтау, білім беру салаларында атқарылып жатқан игілікті істер туралы да айтып берді.

Жиын соңында жиналғандарға алдағы сайлау туралы үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Облыстық қоғамдық штабтың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button