Пеш жаққанда ескеріңіз…

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
Күн суытқанда үйдегі жылыту пешін барынша қыздырып жататынымыз белгілі. Пешті пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтамау — тек өртке ғана емес, кейде өлімге де әкелуі мүмкін.
Газ колонкалары мен пешті қолданғанда көміртегі тотығының түсі мен иісі болмайды. Газбен уланған адамның, ең алдымен, басы ауырып, тұншығады. Егер ауадағы газ концентрациясы 1,2 пайыздан асса, адам бірнеше секундта өліп кетеді.
Осы орайда көміртегі тотығымен уланып қалмас үшін бірқатар ережелерді есте сақтаған жөн.Қатты аяз кезінде пешті күніне екі-үш рет бір жарым сағаттан артық жақпау керек. Бұл пештің жарылып кетуіне жол бермейді. Түтін мұржасын да уақытылы тазалап тұрған артық етпейді. Жанып тұрған көмірдің шоғы еденге кездейсоқ құлап соңы өртке әкеліп соқтырмас үшін от жағу алдында еденге кемі 50*70 см металлды шегелеп қою керек. Көмірлер толығымен жанбайынша пеш қақпағын жабуға болмайды. Пеш жағу кезінде жанғыш сұйықтықтарды да пайдалануға болмайды. Балаларды пешке жақындатпаңыз.
Егер газбен улану белгілері болса, құтқару қызметінің телефоны «101», «112» хабарласыңыз.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.



