Жаңалықтар

Кітап – жан азығы

Рухани қазына

Байғанин ауданындағы №2 Қарауылкелді орта мектебінде «Kitaptime» клубының ашылу салтанаты өтті.

Клуб кітап оқитыноқушылар мен ата-аналардың санын көбейтуге, кітап арқылы қазақтың білімді, саналы жастарын қалыптастыруға көмектеседі.

Алғашында мектептің тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Нұрланқызы оқушыларға арнайы кітап оқу кабинетін жасақтаған. Кейін бұл бастама мектепте баласы оқитын ата-аналардың бірі Рита Халыққызының ұсынысымен клуб құруға ұласқан.

Шара барысында ұйымдастырушылар кітап оқудың пайдасы мен тиімді тәсілдерімен бөлісті. Олар «Мектебіңе кітап сыйла» акциясы, «Үздік оқырман», «Кітаптайм» сияқты байқауларды ұйымдастыру жоспарда бар екенін айтып қалды.Алдағы уақытта қызықты кездесулер мен түрлі сайыстар да өткізілетін болады.

Рита Халыққызы ұялы телефоннан бас алмайтын балалар мен олар үшін жауапты ата-аналарға өз тәжірибесін айтты:

Балам Нұрисламға кішкентай кезінен берікітап оқып беремін. Кейін ол 3-4 жасқа келгендеқызықты кітаптарды жинауды бастадым. Әріп таныған сәттен бастап күніне 1 беттен кітап оқуды әдетке айналдырдық. Қазір 4-сыныпта оқитын балам бір күнде 15-20 бет кітап оқиды.Нәтижесінде сабағын өзі дайындап, түсінігінде жақсы айтатын болды. Қатесіз жазғаннан бөлек оның білім көкжиегінің кеңейгендігіне де көзім жетті.

Алдағы уақытта «Kitap time» клубы басқа мектептерді де қамти отырып, аудандық деңгейде жалғастырғысы келеді. Шара соңында Рита Халыққызы клубтың алғашқы оқырмандарына жеке кітапханасынан кітаптар сыйлады.

 Насиба АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button