Жаңалықтар

Пайдалы қазбалар қалай пайдаға асуда?

Мәслихат

Мұны жаңадан құрылған комиссия анықтайды

Облыстық мәслихат жанынан жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің мониторингі жөніндегі уақытша комиссия құрылды.

Комиссия құрамына облыстық мәслихат депутаттары, облыстың қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановтың төрағалығымен өткен комиссияның алғашқы ұйымдастыру отырысында уақытша комиссияның төрағасы және оның орынбасары сайланды, уақытша органның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер және оның қызметі бойынша алғашқы ұсыныстар айтылды.

— Уақытша комиссияның міндеті — облыста пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын барлауды немесе өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу. Мониторинг нәтижелері бойынша комиссия мүшелері шешім қабылдау үшін облыс басшылығына ұсынылатын тиісті негіздемесі бар нақты ұсыныстар әзірлейді, — деді А.Нұғманов.

Отырыс барысында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, комиссия құрылымы жасақталды.

 Н.ДӘНЕКЕРОВ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button