Жаңалықтар

«Бақыла» бақылайды

Президент сайлауы алдында Ақтөбе қаласында «Бақыла» республикалық қоғамдық қозғалысы құрылды. Қоғамдық қозғалыс мүшелері баспасөз конференциясын өткізіп, тәуелсіз байқаушылардың басты міндеттерімен таныстырды.

Байқаушы — сайлау процесінің ашық, әділ әрі заңды өтуіне жағдай жасайтын адам. Қоғамдық қозғалыстың жетекшісі Аслан Зұлқашев 20 қарашада өтетін Президенттік сайлаудың әділ өтуі үшін ерікті түрде жұмыс жасайтын тәуелсіз байқаушыларды әлеуметтік желі арқылы жасақтаған. Бүгінде Ақтөбенің барлық сайлау учаскелерінде 148 адам байқаушы болып жұмыс жасайды.

Аз уақыттың ішінде 18-30 жас аралығындағы жастар жиналды. Алдағы уақытта олармен 8 адамнан тұратын мобильді кураторлық топ жұмыс жасайды. Қатысушыларды заң және психологиялық тұрғыдан дайындап, Zoom платформасы арқылы арнайы сабақ өткізеді.

Байқаушылар дауыс беру және санау кезінде өзіне бекітілген учаскеде жұмыс жасайды. Сайлау кезінде заң бұзылғанын байқаса, оны фактілермен дәлелдеуі керек, — дейді ол.

Оның айтуынша, сайлаудың барынша әділ өтуі үшін ерікті түрде жиналған жастар саясатқа қызығатын көрінеді.

Насиба АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button