Жаңалықтар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қала

Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандарында 38 аумақтық қоғамдық кеңес құрылып, төрағалары сайланды. Әрбір аумақтың қоғамдық кеңесінің құрамына тұрғындардың белсенді тобы кіреді.

Топ құрамында сол аумақтың  учаскелік инспекторы, медициналық маманы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, мектеп директоры, мәслихат депутаты және қоғам белсендісі болады. Олар өз аумақтарындағы жағдаймен таныстырып, мәселелерді төраға арқылы жеткізіп отырады. Көбіне мердігерлердің жұмысында кемшіліктер болып жатады. Мұндай  кезде қоғамдық кеңес  қызмет сапасына бақылау жасай алады. Жергілікті тұрғындар өз талаптары мен ұсыныс-пікірлерін алдымен  төрағаға айтып, кеңес мүшелерімен бірге талқыға салады.

Қала басшысы Асхат Шахаров 38 аумақтық кеңестің белсенді тұрғындарымен кездесу өткізіп, оған қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, жергілікті полиция қызметінің басшылығы қатысты. Басты мақсат —  қала аумағында тазалық пен тәртіпті күшейту. Округ белсенділері  өз аумақтары, елді мекендері бойынша абаттандыру, тазалық жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Олар көшеге, кез келген жерге тұрғындар қоқыс тастап, ескі жиһаздарын, қажет емес құрылыс материалдарын лақтырып кететінін, осы мақсатта полиция тарапынан бақылауды күшейту керектігін айтты.

Қала әкімі барлық мәселе назарға алынатынын айтып, бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Астана ауданы бойынша, 18, Алматы ауданында 20 аумақтық қоғамдық кеңес құрылып отыр. Әр аумақтың кеңес мүшелері мен төрағалары, учаскелік инспекторлар, мәслихат депутаттары бір-бірімен жүзбе-жүз кездесіп, пікірлессін деп жинап отырмын.

Кез келген уақытта сіздермен бірлесіп қала өміріне қатысты мәселелерді қарастырып, шешімін іздейтін боламыз. Әр аумақтың қоғамдық кеңес мүшелері кемшіліктерді ашық айтып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына көмектесуі керек. Бүгін көтерілген мәселелердің шешілуін бақылап отыратын боламыз. Ол үшін сіздермен тығыз байланыста боламыз, — деді қала басшысы.

 Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button