Сезімтал суреттер
Фотокөрме
Ақтөбе облысының 90 жылдығы аясында облыстық тарихи өлкетану музейінде «Актюбинский вестник» газетінің фототілшісі Қуандық Төлемісовтің «Туған жерім — Ақтөбе» атты алғашқы фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — жас фотографтың өнер туындыларын таныстыру.
Қуандық Қорғанбекұлы қаламыздағы №42 орта мектебінің түлегі. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен талантымен көзге түскен фототілші ең алғаш эстетика мен дизайн мектебінде оқып, шығармашылығын шыңдады.
Фототілшінің көрмесіне «ART street» бағытындағы фотолармен қатар, өңірімізге қатысты тарих, мәдениет, спорт және тағы да басқа тақырыптардағы 30-дан астам фотосурет қойылды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Сағымбек Ұлықпановтың айтуынша, көрме қараша айының соңына дейін жалғасады
А.САЙЛАУҚЫЗЫ.