Жаңалықтар

«Ақтөбе» газеті — рухани серігім

Баспасөз-2023

Қай уақыттан да газет-журналдың тәрбиелік мәні жоғары. Бұл— қоғамның күнделікті бет бейнесін ой зердесіне салып, көркем тілмен,жинақылықпен жеткізетін журналистер қауымының жанкешті еңбегі.

Ел мүддесін бірінші кезекке қоятын тарихы терең қоғамдық-саяси басылымдардың оқырман алдындағы мақсаты биік. Әлемде ғаламтор жылдамдығы үдеп, ақпарат тасқындап тұрғанда дәстүрлі басылымдар ақпаратты ойлы оқырманға елеп,екшеп, тәлім таразысына салып,ең нәрлісін берумен дараланады.

Бұл ретте облыстық «Ақтөбе» газетінің көтерген жауапкершілігі өте жоғары деп білемін. Жалпы, газет — біздің санамызға әсер етуші негізгі фактор және тәрбие құралы. Ойыңа ой қосатын, рухани азық беретін, таным кеңістігіңді ашатын, тұшынып оқитын құнды да қымбат дүниелерді әлі күнге шейін осы дәстүрлі басылымдардан іздеп табамыз. Осы тұрғыдан «Ақтөбе» газеті — менің сан жылдар бойғы рухани серігім.

Күнделікті тірліктегі құбылыстарды бұл газет қарапайым тілмен жеткізуімен оқырмандарына жақын дер едім. Әсіресе еңбек адамдары, мерейлі белеске жеткен ардагерлер жайындағы мазмұнды мақалаларды оқып-ақ, әр дәуірдің тыныс-тіршілігін сезесің. Бұл бойын жеңіл-желпі өсек-аяңнан аулақ ұстайтын газет ұстанымының жемісі деп білемін. Қазір ақпаратқа ешкім сусап отырған жоқ, ғаламторда бәрі желдей есуде. Алайда жан дүниеңді байытпайтын, ойыңды өсірмейтін тек ақпараттық негіздегі ондай жаңалықтардан кейде жаның жүдейді. Ал газетте зерделеніп жазылған дүниелер санаңа сіңімді. «Ақтөбе» газеті маған осынысымен құнды.

Елубай ТӨЛЕПБЕРГЕН,

Шалқар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button