30 мың кітап қоры бар кітапхана
Кітапханашылар күні
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде кітапханашылар күніне арналған «Кітап — рухани қазына» атты экскурсия өтті. Іс-шара мақсаты — музейдің ғылыми кітапханасындағы кітаптармен таныстыру.
Кітапхана қорында 30 мыңға жуық кітап, 1728 ғылыми құжат, газет-журналдар бар.
Мемлекеттік тапсырыс және жеке тұлғалардың сый ретінде тапсырған кітаптары негізінде толықтырылады. Кітаптар түрлі тақырыптарды қамтиды. Атап айтсақ, археология, этнография, тарихи кітаптар, өнер,музыка,қолөнер,сурет,табиғат,діни негіздегі кітаптар,көркем-әдеби кітаптар.Мұнда ғылыми архив те бар. Музейде іс-шаралардың,археологиялық ізденіс жұмыстарының материалдары сақтаулы.
Әлбетте, кітапхана қоры қызметкерлерінің ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыстарының маңызы зор. Түрлі тақырыпта өткізілетін шараға байланысты кітап көрмелері жасақталады.
Майра СҮЛЕЙМЕНОВА,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің кітапханашысы.