Рухани жаңғыру

Киелі жерлерге саяхат

Рухани қазына

Облыстық танымдық-ғылыми зерттеу экпедициясы Алға, Темір, Мұғалжар ауданына сапар шегеді. Соған орай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы «Руханият» танымдық клубының бастамасымен «Аманат-2022» экспедициясының жаңа құрамы алғашқы жиынын өткізді.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы алты жылдан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Биылғы іссапар 4-9 қазанға жоспарланған.Іссапардың мақсаты — өңірімізде XVIIIғ.-XXғ. басында дүниеге келген тарихи, діни қайраткерлер өмірі мен қызметін, жергілікті киелі жерлер мен мешіттерді, олардың орындарын анықтау, фото-бейне түсірілімдерге түсіру және мүмкіндігінше экспонаттар жинақтау.

— 2012 жылдан бастап Ақтөбе облысының 9 ауданын аралап шықтық. Бірқатар мәліметтер жинақталды. Негізі, Ақтөбеде мешіт өте көп болған. Мысалы, Ойыл ауданының бір округінде 10 мешіт, 2 медресе бар екенін білдік. Облыс бойынша 60-70 шамасында мешітті анықтадық. Бұл жолы үш ауданға, келер жылыМәртөк ауданына барамыз, — дейді «Руханият» танымдық клубының жетекшісі Жібек Абдуллина.

Шараға жергілікті өлкетанушылар, музей қызметкерлері, аталған аудандардан шыққан діни қайраткерлер ұрпақтары, облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының ғылыми қызметкерлері қатысты. Кездесуде жол жүру сапарын, жаңа міндеттерді айтып, қатысушылар пікірлерін ортаға салды.

 Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button