Жаңалықтар

Қоқыс жәшіктері керек

Таза қала

Қала тұрғындарының назарын көше тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда сенбіліктің маңызы зор.
Бүгін №2 қалалық емхананың дәрігерлері мен қызметкерлері қала тазалауға шықты. Олар өздеріне бекітілген көшелерді тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
— Былтырдан бері осы жерді тазалап келеміз. Басында, қоқыс көп болды, 26 қап жинадық. Ал қазір көбінесе жерге түскен күзгі жапырақтарды жинап жатырмыз. Қала тұрғындары қоқыстарын әр жерге тастап кете береді. Қасымыздағы аялдамаға қоқыс жәшіктері керек. Адамдар осы жерден автобусқа мінеді. Қоқыстар ылғи шашылып жатады. Тым болмағанда 2 қоқыс жәшігін қойса, таза тұрар еді, – дейді емхананың қызметкері Гүлнар Хайруллина.
Өз ортаңды таза ұстау – адамдықтың белгісі. Тазалық өзімізден басталатынын ешкім ұмытпауы керек.

Н.АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button